ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды.Бұл құжат Мемлекет басшысының Денсаулық сақтау министрлігіне ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде әзірленді.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы заң жобасын дайындау кезінде халықаралық заңнамаға, сот статистикасына және 2018-2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардың тарапынан келіп түскен өтініштерге 14 мыңнан астам талдау жүргізілгенін атап өтті.Осылайша, Министрлік медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың түрлі модельдеріне талдау жүргізді.Осы модельге сәйкес шағымды қарауды медиация элементтерін қолдана отырып, медициналық ұйым ішкі аудит қызметі және сақтандыру компанияларының деңгейінде жүзеге асырады.Пациент аудит қызметінің шешімімен келіспеген жағдайда шағым сараптамалық қорытынды беру үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне берілетін болады. Шағым материалдары бойынша оң нәтиже шығарылған жағдайда, оның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы медициналық ұйым сақтандырылған сақтандыру компаниясына берілетін болады.Бұл ретте 2023 жылдан бастап сақтандыруды жұмыс берушінің есебінен жүзеге асыру ұсынылады, ал 2025 жылдан бастап сақтандыру сыйлықақысының сомасын медициналық ұйым мен медицина қызметкерінің арасында бөлу ұсынылады, бұл ортақ жауапкершілікке әкеледі.Заң жобасы шеңберінде: біржолғы сыйлықақы ұсынумен 3 атақ «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» (Заслуженный врач РК), «Мамандығы бойынша үздік» республикалық конкурстың 17 жеңімпазына мемлекеттік және ведомстволық наградаларды енгізу ұсынылатынын атап кеткен жөн.Показать перевод
33Поделились: 1НравитсяКомментироватьПоделиться