Денсаулық сақтау министрлігі Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласында Әл-Фараби университетінің кітапханасында денсаулық сақтау жүйесіндегі тіл мамандарының Республикалық форумын өткізді.Форумда конкурсқа қатысушылар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Конкурсқа Алматы облысы медициналық ұйымдарының атынан Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының қызметкері Кенжеғараев Ноябрь Жанатұлы «Үздік публицистикалық шығарма»аталымы бойынша бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында денсаулық сақтау саласында тіл саясатын іске асыруда көп жылғы риясыз еңбегі үшін Құрмет граммотасымен марапатталды. Конкурсқа қатысушыларға А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қазақтың ұлы ағартушысының 150 жылдық мерейтойына арнайы шығарылған кітаптарды табыстады.


