Бөлімшелер

Аурухана С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті (ҚазҰМУ), Қазақстан-Ресей медициналық университеті (ҚРМУ) кафедраларының клиникалық базасы болып табылады.

Медициналық қызметкерлердің жасақталуы мен санаттылығы(2022 жыл): Дәрігерлер – 90. Жоғары санатты – 56; І санатты – 18; ІІ санатты – 16. Медицина ғылымдарының кандидаты – 3. Орта медициналық қызметкерлер – 142. Жоғары санатты мейіргерлер – 58; І санатты – 35, ІІ санатты – 33, 16 мейіргердің санаты жоқ.                                                                      

Амбулаторлық-емханалық жәрдем бойынша дәрігерлердің ем жүргізуіне соңғы 5 жыл көлемінде 2017-2021 жыл аралығында – 105 502 бала жүгінген. Клиниканың мамандары тарапынан Алматы облысының балаларына санитарлық авиация желісінде жерде жүретін көлікпен (жедел жәрдем) кеңес беріліп, көмек көрсетілді – 2458, ұшу арқылы (тікұшақ, ұшақ) – 62.

 2012-2022 жылдар аралығында қабылдау бөлімшесіне 246 442 – бала қаралған, оның ішінде: тәуліктік стационарға жатқызылғаны – 87 357, күндізгі стационарда – 9194 бала ем алған.                                                                    Ауруханада біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында Ресей Федерациясы, Оңтүстік Корея, Түркия республикаларынан жоғары санатты мамандар келіп, шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізіліп отырады. Клиниканың мамандары Германия, Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия, Италия, Беларусь, Израиль мемлекеттерінде біліктілік арттыру курстарынан өтіп, түрлі халықаралық конференцияларға қатысқан.

Қабылдау бөлімшесі

          Қабылдау бөлімшесі аурухана ашылған күннен бастап, науқастарды шұғыл қабылдау мен жоспарлы емдеуге жатқызу тәртібінде қызмет атқарады. Қабылдау бөлімшесінің негізгі міндеті келіп түсіп жатқан науқастарды қабылдауды, тіркеу мен медициналық сұрыптауды жүзеге асыру болып табылады. Келіп түскен науқастарға медициналық көмек көрсетеді, стационарлық немесе амбулаторлық емдеу қажеттілігі мәселелерін шешеді. Көрсеткіштер бойынша диагностикалық, зертханалық және құрал-жабдықтық зерттеулерді жүргізеді. Келіп түскен науқастарға уақтылы және дәл диагноздар қояды. Басқа стационарларда емделуді қажет ететін науқастарды орналастыруды ұйымдастырады. Сондай-ақ бөлімше төтенше жағдайларда туындаған жағдаяттар мен өте қауіпті инфекциялы пациенттерді анықтаған кездерде жұмыстарын атқаруын қамтамасыз етеді.   Қабылдау бөлімшесіне 1 жылдың ішінде  35049 пациент қаралған, 9381 пациент емдеуге жатқызылған, 2194 бала жоспарлы түрде емдеуге қабылданған, 25668 бала амбулаторлық ем алған.  

Травматология, ортопедия және нейрохирургия  бөлімшесі

          Травматология және ортопедия бөлімшесінде 1 айлық баладан 15 жасқа дейінгі балалар қимыл-тірек аппаратының, жүйке жүйесінің әртүрлі сырқаттары мен зақымдануларымен, күйік жарақаттарымен ем қабылдайды.        Бөлімшенің базасында ҚРМУ, ҚазҰМУ, ҚазМҮББУ балалар хирургиясы кафедрасы орналасқан, травматология және ортопедия бойынша педагогика үдерісі жүргізіледі. Бөлімше 35 төсекке есептелген: 15 травматологиялық, 10 нейрохирургиялық, 5 ортопедиялық, 5 күйіктік. Бөлімшеде 7 палата бар, 5 палата жоғарыда көрсетілген салаларға арналған, онда балалар жыныс және жас ерекшеліктері бойынша емдеуге жатқызылады. 1 палата едәуір ауыр және операциядан кейінгі ауруларға арналған, онда оттегі жекелей жеткізіліп жабдықталған. 6 төсектен тұратын 1 палата 3 жасқа дейінгі балаларға арналған.  Бөлімшеде 1 жылдың ішінде 1655 науқас ем қабылдаған. 841 жоспарлы түрде, 94 шұғыл түрде операция жасалған.

Хирургия бөлімшесі

Бөлімше 10 хирургиялық, 5 урологиялық, 5 торакальды, 5 жаңа туған сәбилердің хиругиялық патологиясы, 5 іріңдік, жалпы 30 төсектен тұрады. 

          Бөлімше дәрігерлері тарапынан Алматы облысының жас тұрғындарына мамандандырылған хирургиялық көмек, сондай-ақ мынадай операциялар түрінде жоғарымамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі: өңеш пластикасы оның ішінде торакоскопиялық, гидронефроз кезіндегі түбекшелік-несепағарлық сегменттің пластикасы, гипоспадия кезіндегі әртүрлі пластикалар.  Бөлімшеде мынадай диагноздармен балалар стационарлық ем қабылдайды: Гиршпрунг ауруы, өт жолдарының туабітті атрезиясы, туабітті пилоростеноздар, әртүрлі локализациядағы гемангиомалар, ішектердің инвагинациясы, ішек-қарын жолындағы бөгде денелер, әртүрлі абсцесстер, сондай-ақ урологиялық нозологиялар торакальды операциялар және басқа көптеген операциялар өткізеледі. Біздің клиникамыздың хирургия бөлімшесінде Қазақстанда тұңғыш рет жаңа туған сәбиге өңеш атрезиясы кезінде өңештің торакоскопиялық пластикасы жасалып, сәтті аяқталды. Хирургия бөлімшесінде жылына 1469 бала ем қабылдаған, әртүрлі нозологиялар бойынша 998 операция жасалған, оның ішінде 675 шұғыл және 323 жоспарлы операциялар. 


          Анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесі

          Бөлімшенің төсек қоры бүгінгі күні 9 орынды құрайды, онын ішінде 3 төсек жаңа туған балаларға арналған. Бөлімше дәрігерлері әртүрлі жас топтарындағы балаларға анестезиологиялық жәрдемдерді жүргізеді - тұтас венаішілік анестезия, үйлестірілген анестезия, ингаляциялық анестезияның әралуан түрлері, сондай-ақ эпидуральды анестезия. Анестезиологиялық жәрдемдер шұғыл жағдайда да әртүрлі хирургиялық, неонатальды-хирургиялық, травматологиялық, нейрохирургиялық, стоматологиялық, ЛОР және жақ-бет операциялары кездерінде жоспарлы түрде көрсетеді.  Бөлімше жұмысының ерекшелігі ауыр жағдайдағы  соматикалық ауру балалар мен таяу операциядан кейінгі кезеңде қарқынды терапия, жедел араласу мен манипуляциялар кезінде сапалы жалпы жансыздандыру жүргізу болып табылады.  
          Бөлімше дәрігерлері тарапынан қажет жағдайда неврологиялық (полирадикулонейропатия, балалар миының сал ауруы, эпилепсия, менингоэнцефалит), гематологиялық (лейкоздар, тромбоцитопениялар, тромбоцитопатияның әралуан түрлері), соматикалық (өкпе дисплазиясы, жүрек ақауы, қант диабеті) бейіндерінде реанимациялық шаралар мен синдромдық терапия жүргізіледі.  2021 жылы бөлімшеде 1145 бала емделген.

Жақ-бет хирургиясы, оториноларингология және офтальмология бөлімшесі

Бөлімшесі жақ-бет бөлігі, мойын, ЛОР сырқаттары, көз аурулары мен оның салдарларын емдеуде науқастарға шұғыл және жоспарлы хирургиялық көмек көрсетуге мамандандырылған. Бүгінгі күні бөлімше 25 төсекке (жақ-бет - 8, лор - 11, офтальмологиялық - 6)негізделген. Бөлімшедегі емдеу үдерісі ҚР ДСМ-де әзірленген өзінің тиімділігін бұқаралық қолданыс  кезінде дәлелдеген, яғни науқасқа қатерді аз төндіре отырып, жоғары клиникалық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін медициналық хаттамаларға сәйкес жүргізіледі.

Операциялық блок

2021 жылдың 12 айында жалпы 1806 операция жасалған:  950 шұғыл, 856 жоспарлы операциялар. 

   Жетілмеген және жаңа туған балалар  патологиясы бөлімшесі

    Бөлімше 20 төсекке қызмет атқарады. Бөлімшеге Алматы облысының барлық перзентханаларынан әртүрлі патологиямен туылған нәрестелер мен шала туылған нәрестелер, сонымен бірге өте төмен салмақпен туылған нәрестелер қабылданады. Үйден түскен және басқа емдеу бөлімшелерінен  28  күнге дейінгі неврологиялық патологиямен ауысқан нәрестелерге жоғары біліктілікті неонатологиялық көмек көрсетіледі және санитарлы авиациямен балалар ауыстырылады. Бөлімшеде нәрестелер анасымен тәулік бойы бірге болуы және ана сүтімен тамақтандыруға мүмкіндіктері қарастырылған, нәрестелерге күтім жасауға және тамақтандыруға аналар үйретіледі. Бөлімшеде балаларды қабылдау, ем шараларын жүргізу, сүт дайындау бөлмелері және нәрестелер анасымен бірге болатын палаталар бар. Балаларға лабораториялық-аспаптық зерттеу әдістері, УДЗ, ЭКГ, рентгенологиялық зерттеулер жүргізіледі. Көрсеткіштер бойынша жүректі УДЗ, компьютерлік томография әдістерін қолдана отырып, дер кезінде диагностикалау және емдеу әдістері қолданылды. Нәрестелерді мерез, ИТИС-инфекциясына және құрсақ ішілік инфекцияларға зерттеулер жүргізіледі. Бөлімшеде құрылымында: 1 палата – түскен және шыққан балаларды қабылдау бөлмесі, анасы мен нәрестеге жатуға арналған  6 палата бар және ем шарасын жүргізу бөлмесі, сүт бөлмесі  және қарқынды терапия палатасы мен аналар бөлмесі. Оқшаулау бөлмесі бар.   2021 жылы бөлімшеде 416 нәресте емделген.               

Медициналық оңалту  және қалпына келтіру емі бөлімшесі

Бөлімше жалпы 30 төсектен жасақталған (неврологиялық - 20, ортопедиялық - 5,  нейрохирургялық - 5). Бөлімше дәрігерлері тарапынан Алматы облысының тұрғындарына неврологиялық кемістіктері бар 1 айлық кезден бастап 18 жас аралығындағы науқастарға мамандандырылған көмек көрсетіледі. Бөлімшеде мынадай диагноздармен балалар стационарлық ем қабылдайды: балалар церебральды салдануы, эпилепсия әр түрлі генезді,  бас ми қан айналымының бұзылуы, перинатальды нерв жүйесінің зақымдануы,   гидроцефалия, микроцефалия, нейроинфекция, травма салдарынан болған асқынулардан кейін, тұқым қуалайтын аурулар,  перифериялык нерв жүйесінің зақымдануы (бет әлпетінің қисаюы, полирадикулонейропатия), энурез, энкопрез, логоневроз, тики, невротикалық жағдайлар және тағы да басқа ақаулары бар.  Бөлімшеде жылына 864 бала ем қабылдаған.

Соматика бөлімшесі

          Бөлімшесі 35 төсектен, оның ішінде 7 кардиоревматологиялық, 5 пульманологиялық, 5 нефрологиялық, 5 эндокринологиялық, 3 гастроэнтерологиялық, 2 токсикологиялық, 7 неврологиялық, 1 поллиативтік, орыннан тұрады. Бөлімше 11 емдеу-диагностикалық палатадан жасақталған, 2 бокс палатасы, балалардың демалуына арналған холл, асхана, дәрігерлер бөлмесі, аға мейіргер кабинеті, шаруашылық бикесі бөлмесі, әр палатада әжетхана мен душ бөлмелері бар. Бөлімшеде жылына 1548 ем қабылдаған. Соматика бөлімшесі С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің №1 педиатрия кафедрасының базасы болып табылады. 

Онкогематология бөлімшесі

          Бөлімше 20 төсек-орынға арналған. Бөлімшеде 18 жасқа дейінгі балаларға жоспарлы және шұғыл  түрде, қан жүйесі ауруларымен, соның ішінде бастапқы жедел лейкоздармен балаларға және ремиссиядағы лейкоз ауруымен балаларға симптомдық емін алу үшін, гемобластозбен және қан ұю жүйесіндегі әртүрлі патологиямен, геморрагиялық аурулармен (гемофилия, қан ұю жүйесіндегі басқада факторлардың жетіспеушілігі, тромбофилия, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура және т.б.) арнайы мамандандырылған көмек көрсетіледі. Бір жыл ішінде 535 бала емделген: шұғыл түрде 511, жоспарлы түрде 24 бала ем қабылдаған.  

Консультативтік-диагностикалық емхана

Емхана амбулаторлық-емханалық жәрдем бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді, күніне 150-ден артық  науқас қабылдауға мүмкіншілігі бар. Барлық салалар бойынша мамандар бар: эндокринолог, гематолог, нефролог, кардиолог, невропатолог, уролог, отоларинголог, пульмонолог, офтальмолог, дерматолог, гастроэнтеролог. Емханада ЭЭГ, УДЗ, ЭКГ, ЭХОКГ, офтальмологиялық және сурдологиялық аппараттар, физиотерапия кабинеттері жұмыс істейді. 2021 жылы жолдама бойынша 40820 бала қаралған. Емхана жанында күндізгі стационар қызмет атқарады. Күндізгі стационарда 2021 жылы 1313 бала емделген.

Клиника-диагностикалық зертхана

Клиника-диагностикалық және иммуно-серологиялық зертхана мен АРҚТБ зертханасы аурухана стационарына кіретін     бөлімшені құрайды. Зертхана мынадай бөлімдерден тұрады: жалпы клиникалық зерттеулер, гематологиялық зерттеулер, биохимиялық зерттеулер, иммуно-серологиялық зерттеулер. АРҚТБ зертханасы биохимиялық және жалпы клиникалық, гематологиялық анализдерді тәулік бойына жүргізеді. КДЗ штатында цитолог-дәрігер, зертхана мамандары, жоғары санатты зертханашылар бар. Барлық зерттеулер білікті мамандар тарапынан, автоматты анализаторларда жасалады. Анализдер қан алынған және биологиялық материал қабылданған күні орындалады. Дәрігер-зертханашылар мен зертханашылар күнделікті бақылау материалымен анализаторда жасалатын зерттеулердің сапасын қадағалайды.

Сәулелі диагностика бөлімшесі

          Сәулелі диагностика бөлімшесінің міндетіне стационар мен амбулатория науқастарына радиологиялық диагностика жүргізу жатады, амбулатория науқастары тек АИС жолдамасы немесе ақылы түрде  қабылданады және оған тікелей көрсеткіштері болуы керек. 2014 жылы ақпан айында бөлімшеде қосымша компьютерлі томография кабинетінің іске қосылуы дифференциалды диагностикада өз септігін тигізуде. Бөлімше қызметкерлерін және науқастарды Х-сәулелерінен қорғау үшін арнайы жеке қорғаныс құрылғыларымен қамтамасыз етілген. «НПП Гамма» ЖШС-мен келген келісімшартқа сай әр ширек сайын қызметкерлерге алынған радиациялық жүктемелеріне талдау жасалынады және рентген аппараттарының эксплуатациялық көрсеткіштері өлшенеді.

Патологиялық анатомия бөлімшесі

               Бөлімшенің басты мақсаты  операциялық-биопсиялық материалды (ісіктер, лимфоид тіндері), сондай-ақ әртүрлі патологиялармен  қайтыс болғандарды патологиялық зерттеу болып табылады. 2021 жылы 3124 матиерал микроскопиялық зерттеуден өткізілген, оның ішінде 1080 аутопсиялық материал, 2044 операциялық-биопсиялық материал.

                                                 Дәріхана

Дәріхана аурухананы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді. Фармацевтикалық қызметке және наркотикалық құралдар, психотропты заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түріне мемлекеттік лицензия алынған.

Қан кабинеті

Орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесі

                                       Тағамхана

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Қуат ықшамауданы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, №35. Телефон: 87272517338. E-mail: ardkb@ardkb.kz  Веб ресурс:  www.ardkb.kz