Ауруханада ұзақ жылдар бойына қызмет атқарған Соматика бөлімшесінің ас таратушысы Ғалия Нұрбекова бірнеше жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан болатын, енді міне мекемеміздегі жұмысын да аяқтап отыр. Ғалия ханымға алдағы уақытта денсаулығының зор болып, атқарған адал еңбегінің зейнетін көруіне тілектестігін білдіріп, аурухана директоры Р.Нұрбаев арнайы құттықтады, Кәсіподақ комитетінің атынан қазақ дәстүріне сай бешпент жабылып, қаржылай сыйлық берілді.

By admin