25 қазан - Республика күні мерекесіне орай Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында мерекелік салтанатты шара ұйымдастырылды. 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, аурухана директоры Р.Нұрбаев Республика күні мейрамының мән-маңызына тоқталып, құттықтау тілектерін айтты. Қызметкерлер аурухана директорының, Кәсіподақтың Орталық кеңесінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттары мен төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ қызметкерлерге "AMANAT" партиясының партиялық билеттері табысталды. Республика күні құтты болсын, елдігіміз мәңгілік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Республикамыз гүлдей жайнап, қырандай самғай берсін!

By admin