10 қазан - Қазақстан Кәсіподақтар күні мерекесіне орай ауруханамыздың қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өткізілді. Арнайы теннис үстелі залы жалға алынып, қызметкерлер екі топқа бөлініп сайысты. Кездесулер өте тартысты өтті. Дәрігерлік қызметпен қатар спортты жанына серік еткен мамандарымыздың баршылық екені қуантады. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жұмысы оңай емес, балалардың денсаулығы үшін күрес, психологиялық ауыртпалық пен жауапкершілік жүктейтіні айқын. Осындай достық әрі сыйластық басқосулар арқылы қызметкерлердің арасында ынтымақтастық, әріптестік арта түсетіні белгілі. Шиеленісті өткен сайысты 1 орынды емхананың тіс дәрігері Вонсинвун Мұхамед жеңіп алды. 2 орынды зертхана дәрігері Төлеген Сұлтан еншілесе, 3 орынды травматолог дәрігер Оспанов Өмірзақ иемденді. Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен арнайы марапаттар тарту етілді. Қатысқан ойыншылардың бәріне Кәсіподақ комитеті тарапынан ынталандыру сыйлықтары табысталды.

By admin