Ағымдағы жылдың 15-16 қыркүйегінде Түрген кентінде орналасқан "Денсаулық" сауықтыру орталығында "Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы"Aqniet" ҚБ Алматы филиалының ұйымдастыруымен "Жастар - еліміздің болашағы" жастар форумы өтті. Форумда кәсіподақ қозғалысының негізгі қызметтері мен мақсаты түсіндірілді. Форум қатысушыларына "Жастар-еліміздің болашағы"бағдарламсына қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.Ойын-сауық бағдарламалары да болды:-Экскурсия:"Есік Көлі";- Концерттік бағдарламалар және т. б. Аталмыш шараға біздің ауруханамыздан неонатология бөлімшесінің дәрігері Болат Арайлым Ниязтайқызы қатысып, сертификатқа ие болды.

