Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауын талқылау шарасы өткізілді. ҚР Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауы қазіргі қоғам үшін аса маңызды мәселелерді көтерумен ерекшеленеді. Жаңа Қазақстанды құруға арналған нақты қадамдар мен реформалардың жолдауы десек артық айтқанымыз емес. Қазіргі жаһандағы дүрбелең қилы заманда қазақ қоғамының түрлі қатерлерден аулақ болып, жаңа демократиялық үрдістерге сай, дамыған экономикалы, өндірісі аяқтан тұрған, жаһандық бәсекелестікке қарымды мемлекет қалыптастырудың нақты қажетті шараларын жүзеге асыру қолға алынбақ. Атап айтатын болсақ, әлеуметтік салаларда мынадай бастамалар іске асырылатын болады: Ерікті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.Үкімет денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарайды.-2023 жылдан бастап ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған ұлттық жоба жүзеге асады. Екі жылда еліміздегі 650 елді мекенде медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі.Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды.-Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады.Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді.-Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін артып, жалақысы көбейеді.-Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді.-Әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырылады.-2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз.Сондай-ақ жарыссөзде сөз алушылар Президент Жолдауындағы денсаулық сақтау саласында байланысты айтылған тұжырымдарды тілге тиек етті. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен. Президенттің денсаулық сақтау саласы туралы айтқан тұжырымдары өте орынды әрі көкейтесті. Алдағы уақытта Президент бастамаларынан зор өзгерістерді күтетіндіктерін жеткізді.



