20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан үлестері мен саяси науқанда ақпараттық түсіндіру жұмыстарына ерекше атсалысып, азаматтық танытқандары үшін Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының "Денсаулық" партия ұйымының бір топ өкілдері Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың, Республикалық қоғамдық штаб жетекші, ҚР Парламентінің спикері, "AMANAT" партиясының төрағасы Е.Қошановтың, "AMANAT" партиясының Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Байғоджаевтың, Энергетический ауылдық округының әкімі Қ.Рахимовтың Алғыс хаттарымен марапатталды. Әріптестеріміздің алдағы уақытта Әділетті Қазақстанды құру жолында, еліміздің өркендеп дамуына аянбай еңбек ете берулеріне тілектестігімізді білдіреміз!



