Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына Пусан Ұлттық университеті госпиталінің дәрігерлерінен құралған делегация келіп, Алматы облысының «3 және 4 дәрежелі сколиозы» диагнозы бар балаларды қабылдап, консультация жасады. Бұл шара «Аяла» қайырымдылық қорымен бірлестікте ұйымдастырылды. Бірінші күні ұжыммен кездесу өткізіліп, профессор, ортопед-дәрігер Ли Джон Соп аурухана бөлімшелерімен танысты. Оңтүстік Кореядан келген мамандар үш күн бойына барлық ниет білдірген тұрғындарды қабылдап, тегін консультациялар берді, сондай-ақ Алматы облысының дәрігерлеріне «Жасөспірімдік идиопатикалық сколиоз» тақырыбында лекция өткізді. Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының әкімшілігі Оңтүстік Кореялық мамандар мен өзара әріптестік ынтымақтастық үшін «Аяла» қорына зор ризашылығын білдіреді. Біздің кішкентай пациенттеріміздің тездетіп құлан-таза жазылып кетулеріне тілектестігімізді білдіреміз.


