10 қазан - Қазақстан Кәсіподақтары күні мерекесіне орай кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлестері және қызметкерлердің құқықтары мен мүддесін қорғауға сіңірген еңбектері үшін ауруханамыздың бірқатар қызметкерлері "AQNIET" Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Орталық Кеңесінің арнайы марапаттарымен марапатталды. Атап айтар болсақ, клиникалық-диагностикалық зертхананың меңгерушісі Лаура Тұрысбекқызы Аликулова "Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен, нейрохирург дәрігер Есентай Таңатарұлы Жаңабаев, қызметкерлерді басқару қызметінің басшысы Айнұр Әділханқызы Жақыпбаева "Құрмет грамоталарымен" марапатталды. Аурухана директоры Р.Нұрбаев марапат иелерін құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Төсбелгі иесіне Кәсіподақ комитеті тарапынан ақшалай сыйақы берілді. Барша марапат иелерін марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс, еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болуын тілейміз!



